Жаңалықтар

«Қазақтелеком» TEDx VI конференциясына қатысты

Конференция елордада алтыншы рет өтті
«Қазақтелеком» TEDx VI конференциясына қатысты
Фото: Қазақтелеком 06.12.2022 22:24 1260

«Қазақтелеком» Астанада өткен TEDx VI конференциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz компанияның Коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, биылғы форумның тақырыбы ерекше – «Бейуақыт» деп жарияланды, осы тақырып аясында спикерлер қоғамда жинақталған қайшылықтар мен оларды еңсеру жолдарын талқылады.

Ұсынылған идеялардың ішінде сананы отарсыздандыру, екі тілділік мәселесі, есте сақтау қабілетімен жұмыс, өнер, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы негізгі бастамалар болды.

TEDx ұйымдастырушылары биыл қоғамдағы теңсіздік пен алшақтық туралы, оларды қалай жеңуге болатындығы, білім беру және денсаулық сақтау сияқты негізгі құқықтарға әділ қол жетімділік туралы айтады. Осы алаңда таныстырылған «Ауылдық елдімекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасы іс – шараның тұжырымдамасына жақсы сәйкес келеді, өйткені бүкіл ел бойынша қолжетімді интернет – бұл қазіргі заманғы адамның базалық құқығы және интернет еліміздің барлық елді мекендеріне тартылу арқылы білім беру мен медицинада мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі, өз бизнесін жетілдіру перспективасы және тағы басқа игілікті шаралар. Біз де TEDx ұйымдастырушылары сияқты қазір жүйелі, кешенді шешімдер қабылдау қажет деп санаймыз және өз жобамызды солардың бірі деп есептейміз, - деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Алаңда арнайы презентация аясында «Қазақтелеком» компаниясының техникалық мүмкіндіктері, сондай-ақ «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасының ауылдарды дамытуға және тұрғындарының тұрмыс-тіршілігіне синергетикалық оң әсері жан-жақты айтылды.

«Қазақтелеком» TEDx VI конференциясына қатысты

Естеріңізге сала кетейік, 2018-2020 жылдары «Қазақтелеком» АҚ өз инвестициялары есебінен республиканың 828 ауылында 14,5 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісін салып, осы елді мекендерде 2,5 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік сала мекемелерін – ауруханалар мен мектептер, жергілікті атқарушы органдары мен авариялық қызметтер, қорғаныс объектілері мен құқық қорғау мекемелері секілді көптеген нысандарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етті.

Біз «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» бағдарламасының аясында шешкен басты мәселе – қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою екенін атап өту маңызды. Ауылдарда талшықты-оптикалық желілердің пайда болуы мемлекеттік ұйым қызметкерлерінің жұмысын қолайлы етіп қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындары мен шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына телекоммуникациялық қызметтердің барлық мүмкіндіктерін: интернет, теледидар, телефония, бейнебақылау сервистерін және т. б. пайдалануға мүмкіндік берді. Бірақ, ең бастысы, ол ауыл тұрғындарының жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға және маңызды әлеуметтік мәселені шешуге – шалғай аймақтарда цифрлық сервистерді пайдалануға ықпал етті. Сонымен қатар, салынған инфрақұрылым нарықтың басқа қатысушыларына, мысалы, ішкі желілерді салу үшін ұялы операторларға сервистер ұсыну үшін негіз болды, - деп атап өтті Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, «Ауылдық елді мекендегі талшықты оптикалық байланыс желісі» жобасы базалық болып табылады, өйткені оның шеңберінде салынған инфрақұрылымның көмегімен «Қазақтелеком» АҚ және басқа да байланыс операторлары интернет тартудың өзге де технологияларын іске асыруға және ел аумағында телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік алды. Дәл осы жоба басқа байланыс операторларының – «250+» жобасын жүзеге асыруға ықпал етті. Бұл жоба тұрғындарының саны 250-ден астам ауылдарға сапалы мобильді интернет жүргізуді көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға