Жаңалықтар

Қазақстанның үздік шахматшысы әлеуметтік желіден «жоғалып» кетуінің себебін түсіндірді

Қазақстанның үздік шахматшысы әлеуметтік желіден «жоғалып» кетуінің себебін түсіндірді
Фото: instagram.com/bibisarachess 27.04.2024 16:14 502

Қазақстанның үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева  әлеуметтік желіде жеті ай бойы өзінің көзден тасада жүруінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шахматшының айтуынша, 2023 жылғы қыркүйекте хакерлер оның Instagram-дағы парақшасын бұзған.

Асаубаеваның Instagram-дағы аккаунты 26 қыркүйекте бұзылып, жойылған.

«Мен оралдым. Қызық сезімді бастан кешіріп отырмын. Себебі жеті ай бұрын, 26 қыркүйекте біреулер аккаунтымды бұзып, өшіріп тастады. Оны қайтарамын деген үміт те үзіле бастаған. Бірнеше күн бұрын бір кісі анам екеумізге хабарласып, аккаунтымды қалыпқа келтіргенін мәлімдеді. Құдды ғажайыпқа ұқсайды», - деп жазды Бибісара Асаубаева Stories-те.

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы уақытша пайдаланған жаңа аккаунтын өшіргенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға