Жаңалықтар

Қазақстанның ұлттық павильоны Италия музейінде

Қазақстанның ұлттық павильоны Италия музейінде
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.02.2024 14:32 1386

Италияның ұлттық музейіне Қазақстанның ұлттық павильоны қойылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілі Күміс Сейітова брифингте Италияның Венеция қаласында екі жылда бір рет әлемдік өнер сахнасының ең беделді халықаралық өнер көрмелерінің бірі Венеция өнер биенналиесы ұйымдастырылып отырғанын айтты.

Ұлттық павильон келушілердің сұранысына ие Венециядағы тарихи, мәдени ғимараттардың бірі – Италия Ұлттық музейіне қойылады. Павильон Жерұйық деп аталды, – деді Сейітова.

Көрмеде танымал қазақстандық суретшілердің заманауи интерпретацияланған туындылары ұсынылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Италияға жасаған ресми сапары кезінде Италия Республикасының министрлер кеңесінің төрағасымен бірге Венеция биенналиеге қатысу жөнінде өтінім берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға