Жаңалықтар

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.09.2024 16:15 314

Астанада Қазақстанның жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласында wild-life.kz атты жаңа сайттың таныстырылымы өтіп, арнайы фотокөрме ашылды. Сайт ғылымға деген қызығушылықты арттырып, Қазақстанның биоалуандығын сақтаудың маңызына жұртшылық назарын аударуды мақсат еткен. Жоба Қазақстанның Зоология институты мен National Geographic Qazaqstan журналының қолдауымен жүзеге асырылған.

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылдыСурет: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

National Geographic Qazaqstan журналының редакторы Айбын Шағалақтың айтуынша, жаңа сайт интернет пайдаланушыларға Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін жақынырақ таныстыруды, аңдар мен құстардың бірегей фотоларын көрсетуді мақсат еткен. Соған орай, әрбір тіршілік иесінің түр-сипаты мен ерекшеліктерін танытатын жоғары сапалы портреттік фототүсірілімдер жасалған. Бұл фотогалерея жобаны дамыту барысында жаңа фотосуреттермен толыға бермек.      

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылдыСурет: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Біз Астанада «Қазақстанның тұмса табиғаты» деген үлкен жобамызды жүзеге асыруды бастадық. Бұл сайтта Қазақстанның барлық аң-құсы, жан-жануар, жәндіктеріне дейін түгел қамтылатын үлкен платформа болады. Оқушыларға, студенттерге, табиғатқа, зоологияға қызығатын кез келген адам үшін қолжетімді болады. Үш тілде жарық көреді. Сайтта әрбір жәндік, жануар, құстың жеке парақшасы болады. Ол жерде бірнеше портреттік немесе табиғат аясындағы суреттерінен бөлек энциклопедиялық ақпараттар болады. Сайтты жасау үшін  2 ай бұрын еліміздің бірнеше өңіріне фотоэкспедиция жасадық. Қарағанды мен Алматыда орналасқан еліміздегі ең үлкен хайуанаттар бағына бардық. Сол жердегі сирек аңдарды студияда түсірді. Одан кейін Қорғалжын қорығындағы құс базарына, Алакөл, Зайсан, Іле, Балқаш, Алтынемел резерваттарына барып арнайы суреттер түсірдік. 150-ге тарта аң-құстың суретін өңдеп жатырмыз, - дейді Айбын Шағалақ.

Ал «Қазақстанның тұмса табиғаты» сөзі кездейсок таңдалмаған. Тұмса сөзі табиғатымыздағы тіршілікті дәл сипаттайтынын атап өтті.

Халықаралық журнал болғаннан кейін ғылымнан бөлек табиғат, жан-жануар дүниесі өте көп қозғалады. Ағылшынның wildlife сөзі жиі кездеседі. Оның ағылшын тіліндегі мағынасына табиғат қана емес, тұтас табиғат аясындағы барлық тіршілік кіріп кетеді. Орыс тіліне «Дикая природа Казахстана» деп аударылған. Қазақтар жабайы табиғат деп айтпайды. Біз табиғат немесе жабайы аң мен құс деп айтамыз. Сондықтан біз осы тұмса деген сөзге назар аудардық. Бұрындары тұмса сөзі алғаш рет төлдейін деп тұрған малға қатысты айтылған. Соны біз кейінгі 10 жылдықта қол тимеген табиғат пен жан-жануарларды біріктірген тұмса табиғат деген ұғым енгізіп, wildlife-тың баламасы ретінде қолданып келеміз. Жобамызға да осы атауды алдық, - дейді Айбын Шағалақ.

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылдыСурет: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

«Қазақстанның тұмса табиғаты» фотокөрмесінің ашылу рәсіміне осы жобаға атсалысқан кәсіпқой фотографтар қатысты. Соның бірі 2016 жылдан бері National Geographic Qazaqstan журналының фотографы қызметін атқаратын Ерболат Шадраховты сөзге тарттық. 

Суретке түсіру үшін жануарларды кездестіру қиын. Кездестірген соң жолын аңду керек. Олардың мінезін, қай жерге қонып, қай жерден ұшатынын зерттеу керек. Соны алдын-ала біліп алып, бір күн немесе бірнеше сағат жасырынып, күтіп отырамыз. Бірнеше қорықтар мен хайуанаттар бағын аралап, арнайы түсірдік. Оңай жұмыс емес. Негізі суреттерді көктемнен күзге дейін белсенді түрде түсіреміз, - деді көрмедегі суреттердің авторы.

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылды

Көрме қалың көпшіліктің келіп көруіне ыңғайлы болуы үшін «Сарыарқа» ойын-сауық орталығының 2-қабатына қойылып, қыркүйектің 12-25 аралығында ашық болады.

«Қазақстанның тұмса табиғаты»: Жан-жануарлар дүниесіне арналған сайт ашылдыСуреттер: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға