Жаңалықтар

Қазақстанның төрт облысында тас жолдар жабылды

Бұл туралы QazAvtoJol ұлттық компаниясы мәлім етті
Қазақстанның төрт облысында тас жолдар жабылды
Фото: egemen.kz 03.01.2023 10:31 1874

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт облысында тас жолдар жабылды. Бұған қалың қар, боран және жолдың анық көрінбеуі себеп, деп хабарлайды Экспресс К.

QazAvtoJol ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында қалың қар жауып, боран соғып, жолдың көрінуінің шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Жабылған жолдар:

Жезқазған — Петропавл, 377-595 шақырым (Қостанай облысының шекарасы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы)

Жақсы — Есіл — Бұзулык, 0-82 шақырым (Жақсы елді мекені — Бұзулық елді мекені)

Екатеринбург — Алматы, 917-1003 шақырым (Жақсы елді мекені — Атбасар қаласы)

Екатеринбург — Алматы, 1003-1247 шақырым (Атбасар қ. — Астана қ.)

Көкшетау — Атбасар, 0-184 шақырым (Көкшетау қ. — Атбасар қ.)

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолының Белогорка ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылды. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолының Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі бөлігі де жабылды.

Қарабұтақ — Комсомол — Денисовка — Рудный — Қостанай (Ақтөбе облысы шекарасының учаскесі — Рудный қаласы)

Денисовка — Жітіқара — Мықтыкөл (Денисовка ауылының учаскесі — Ресей шекарасы)

Қостанай — Әулиекөл — Сұрған (Тобыл қаласының учаскесі — Ақмола облысының шекарасы)

Сондай-ақ Қызылорда облысында Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.

QazAvtoJol жолдарда төтенше оқиға болған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласуды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға