Жаңалықтар

Қазақстанның ШЫҰ-ны дамыту бойынша басымдықтары ілгерілетуде

Қазақстанның ШЫҰ-ны дамыту бойынша басымдықтары ілгерілетуде
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 08.03.2024 06:36 524

Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар ШЫҰ-ның саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әлеуетін одан әрі нығайту, сондай-ақ Ұйым аясындағы қауіпсіздіктің жаңа сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге іс жүзіндегі үлесін кеңейту мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. 2024 жылы Қазақстанда өтетін ШЫҰ жоғары органдарының отырыстарына дайындық мәселелер қаралды.

ҚР ұлттық үйлестірушісі Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы «Шанхай рухының» іргелі қағидаттарын одан әрі күшейту мақсатында өзара тиімді уағдаластықтар мен бастамаларды пысықтауға бағытталғанын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға