451.71
491.64
5.86

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына барды

gov.kz
Фото: gov.kz 18.03.2023 14:53 269

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына сапарымен барып, ШҰАА партия комитетінің хатшысы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ШҰАА арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Ш. Нұрышев сұхбаттасушының назарын екіжақты тауар айналымының көлемін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне аударды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімді жұмыс істеуі мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. «Бақты-Покиту» өткізу бекетінде үшінші теміржол өткелінің құрылысына, сондай-ақ қазақстандық азық-түлік тауарларының ҚХР аумағына жеделдетіп өтуі үшін «жасыл дәліздерді» ашуға ерекше назар аударды.

Сонымен бірге, мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Осылайша, Қазақстан Елшісі ШҰАА-мен бірлескен мәдени іс-шаралар және өңірдегі туристік компаниялар үшін еліміздің көрікті жерлері туралы роуд-шоу өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Ма Синжуй өз тарапынан қазақстандық дипломат көтерген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, қытай тарапының оларды белсенді түрде пысықтауға дайын екенін жеткізді. Атап айтқанда, шекаралық өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, ауыл және мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге «жасыл дәліздерді» қамтамасыз етуге, азаматтардың өзара сапарларына қолайлы жағдай жасауға, мәдени алмасуды тереңдетуге, туристік ынтымақтастықты орнатуға әзірлік расталды.

Сондай-ақ сапар барысында Елші ұлты қазақ ҚХР азаматтарымен кездесу өткізді. Ш. Нұрышев қандастарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қазақстан-Қытай екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің қандастарға көрсететін түрлі қолдау шаралары туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар