Жаңалықтар

Қазақстанның құтқару авиациясы алғаш рет теңізде жаттығу өткізді

Бұл жұмыстарға ТЖМ құтқару авиациясы жұмылдырылды
Қазақстанның құтқару авиациясы алғаш рет теңізде жаттығу өткізді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 02.12.2022 12:09 988
ТЖМ құтқару авиациясы Каспий теңізінің акваториясында суда зардап шеккен адамдарды іздеу және құтқару бойынша жаттығу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бұл жұмыстарға алғаш рет ұшу құрамын дайындау мақсатында ТЖМ құтқару авиациясы жұмылдырылды.
 
Мамандар шартты түрде зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеруге машықтанды. Ұшқыштар тікұшақты әуеге көтеріп, зардап шеккен адамдарды әуе кемесіне көтеру жұмыстарын жүргізді.
 
Осы жұмыстарды атқару кезінде оларға бірнеше ондаған метр биіктікте тікұшақты ұстап тұру қажет болды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға