Жаңалықтар

Қазақстанның "красавицасы" Еуропаның ең сұлу қызы атанды

Қазақстанның "красавицасы" Еуропаның ең сұлу қызы атанды
Фото: t.me/sci_gov_kz 21.11.2023 11:51 1406

20 жастағы Наталья Вантюсова Қарағанды Бөкетов университетінің дене мәдениеті және спорт факультетінің 3 курс студенті. Ол 8 жылдан бері спортпен айналысып келеді. Наталья бірнеше рет Қазақстан чемпионаттарына қатысып, көпсайыстан жүлдегер, чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наталья Вантюсова Қарағандыдағы модельдік агенттігінің жарнамасын кездейсоқ көріп қалып, оған жазылуға шешім қабылдайды.🗣️

Агенттікте бізге фотоға түсу, дефиле, актерлік шеберлік, моделинг теориясын үйретті. Алдымен Қарағанды Аруы байқауының жеңімпазы болдым, содан кейін Алматы қаласында өткен 2023 жылғы республикалық сұлулық, сән және таланттар байқауында гран-при иегері атандым. Мәскеуде «Еуропа Аруы – 2023» титулын жеңіп алдым, яғни «GRAND – PRIX BEST MODEL WORLD BEAUTY 2023» номинациясы бойынша жеңіске жеттім, - дейді сұлу қыз.

Натальяның барлық бастамалары мен талпыныстарына анасы қолдау танытады, қызына ерекше костюмдер тігуге көмектеседі. Қазіргі уақытта студентке түрлі модельдік агенттіктерден сән көрсетілімдеріне қатысу үшін ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ Наталья сабақтан қол үзбей, қарашаңырағының оқытушылары беретін сапалы білімді алып қалуды жөн көреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға