Жаңалықтар

Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстанның кейбір өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 04.09.2023 17:44 802

Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 градусқа дейін аздап жылынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға