Жаңалықтар

«Қазақстанның ішкі саясатына араласуға жол бермейміз»

«Қазақстанның ішкі саясатына араласуға жол бермейміз»
Фото: t.me/mazhilis_kz 09.06.2023 10:29 495

Бұл – мәжіліс депутаты Никита Шаталовтың Ресей думасының депутаты Сергей Мироновқа жауабы.

«Справедливая Россия» партиясының жетекшісі Қазақстанның қылмыстық кодексіндегі «Жалдамалылық» бабына шүйліккен болатын. Миронов «осы бап арқылы Ресей тарапында соғысқысы келетіндерді жазалауы ақылға қонымсыз» деген мағынада мәлімдеме жасаған.

Тіпті бұл мәселені Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылауды да ұсынды. Ал, қазақстандық әріптестері «Еуразиялық экономикалық одақтың әскери ұйым емес екенін ұмытпау керек» деп отыр. Оның үстіне «жалдамалылық» туралы бап қылмыстық кодекске 10 жыл бұрын енгізілгенін де еске салды. Сөз соңында мәжілісмен өзге елдегі соғысқа араласқысы келетін одандастарға үндеу тастады. 

Қолға қару алмас бұрын Қазақстан азаматтығынан бас тартуға шақырамын. Соғысты біздің елге әкелмеңіздер. Бұл – еліміздің заңдарына және біздің қоғамға деген мүлдем құрметтің жоқтығын көрсетеді. Оның үстіне бұл әрекет үшін бірден жазаланатындарыңызды да ұмытпаңыздар

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға