Жаңалықтар

Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы Қайрат Беркінбаев дүниеден озды

Қайрат Шерәліұлы 2019 жылы III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденімен марапатталды
Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы Қайрат Беркінбаев дүниеден озды
Фото: ҚР ДСМ 06.11.2022 19:45 2145

57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «ОҚ-ЖЕТПЕС» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz  Денсаулық сақтау министрлігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға