Жаңалықтар

Қазақстанның Еуропалық одақпен сауда көлемі 42 пайызға ұлғайды

Бұл туралы Сыртқы істер министрі айтты
Қазақстанның Еуропалық одақпен сауда көлемі 42 пайызға ұлғайды
Фото: inbusiness.kz 17.11.2022 12:14 1763

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ақордада Жозеп Боррелл Президент қабылдауында болғанын атап өтті.

"Біз ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, цифрландыру тағы басқа мәселелерге назар аудара отырып, сауда экономикасын әртараптандыруға жол аштық. Еліміз Орталық Азия және ЕО арасындағы ынтымақтастықты ерекше дамытуға көңіл бөлді", - деді Сыртқы істер министрі.

Сыртқы істер министрі келесі жылы Еуропалық Одақтың 30 жылдығы тойланатынын атап өтті.

Айтуынша, осы жылы Еуропалық одақпен сауда көлемі 42 пайызға ұлғайып, 29,5 млрд. долларды құраған. Украинадағы қақтығысты, Сириядағы, Ауғанстандағы жағдайды, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруі, қауіпсіздік және орнықты даму мәселелерін қоса алғанда, әлемдегі ағымдағы ахуал талқылау болғанын айтты.

"Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ аймақтағы ең ірі инвестор болып табылады. Қазақстанға инвестицияланған капиталдың 60% - ы Еуропалық Одақтан келеді. Біз сондай-ақ ең ірі сауда серіктесіміз", - деді ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл. 

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазіргі таңда ЕО тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 180 млрд долларды құрайтын еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестігі болып отырған тілге тиек етті.

"Келесі жылы Еуропалық одақ арасындағы дипломатияқ қатынастың 30 жылдығын тойлаймыз. Ортақ басымдықтарға негізделген қатынасты жоғары бағалаймыз және тиімді істерді жүзеге асыруға атсалысамыз. Біз осы және басқа мәселелерді тек екіжақты тұрғыда емес өңірлік бағытта да қарастыру маңызды деп санаймыз. Еліміз Орталық Азия және Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Сол себепті, Мемлекет басшысы Астанада Орталық Азия – Еуроодақ көшбасшыларының алғашқы кездесуін өткізуге бастамашылық етіп, оның қорытындысы бойынша барлық тараптар осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылдады", - деді Сыртқы істер министрі.

Сыртқы істер министрі өткен айда Қазақстанның Үкіметі және ірі еуропалық Svevind компаниясы арасында Маңғыстау облысында «жасыл» сутекті өндіру және тарату орталығын құру жөнінде маңызды келісімге қол қойылғанын Еуропалық Одақ санкцияларының Қазақстан экономикасына жанама теріс әсерін болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Сөз соңында министр Жоғары Мәртебелі Боррелл мырзаға бірлескен жемісті жұмыс пен ашық диалог үшін алғыс айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға