Жаңалықтар

Қазақстанның Еуро-2024-тегі қорытынды екі матчына қатысатын кеңейтілген құрамы

Қазақстанның Еуро-2024-тегі қорытынды екі матчына қатысатын кеңейтілген құрамы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 27.10.2023 16:02 689

Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы тізімге 40 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады. Жиын аясында 10 қараша күні Қазақстан жастар құрамасымен бақылау ойыны жоспарланған. Матч жабық түрде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді.

Қазақстан – Сан-Марино

17/11/2023 | 21:00 (Астана)

Астана Арена

Билеттер сатылымға 30 қазанда шығады.

Словения – Қазақстан

20-21/11/2023 | 01:45 (Астана)

Стожице, Любляна

Кеңейтілген құрамға 40 ойыншы енген:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темирлан Ерланов (екеуі де — «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин (барлығы — «Тобыл»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы — «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев («ИМТ», Сербия), Егор Ткаченко, Дамир Қасаболат (екеуі де — «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов, Арман Кенесов (барлығы — «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы — «Астана»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ислам Чесноков, Самат Жарынбетов, Бейбіт Ғалым (барлығы — «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де — «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Каримов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтёр»), Бақдәулет Зұлфықаров («Қайсар»);

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев — бас бапкер, Евгений Коструб — бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев — бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало — қақпашылар бапкері, Ерлан Ыбрайым — дене даярлығы бойынша бапкер, Амаль Сыздықов — бапкер-сарапшы, Арсений Савенко — сарапшы, Эльшад Хинизов — видеосарапшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға