Жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразхан Кенебаев дүниеден озды
Фото: instagram.com/auezovtheatre 07.04.2024 02:43 400

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы-режиссері Оразхан Кенебаев дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мәдениет майталманы 75 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып қөңіл айтамыз. Жаратушы Алла Қасиетті Рамазан айында марқұмның жатқан жерін нұрландырып, жәннатты нәсіп етсін! Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін,-делінген театрдың желі парақшасындағы жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға