Жаңалықтар

Қазақстанның экономикалық өсімі неге соғыс болып жатқан Ресейден төмен?

Қазақстанның экономикалық өсімі неге соғыс болып жатқан Ресейден төмен?
Фото: © Pixabay.com 10.10.2023 12:35 2157

Бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның экономикалық өсімі 4,7% болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал Ресейде экономикалық өсім 4,9%. Жамаубаев соғыс болып жатқан Ресейдегі экономикалық өсім неге бізден жоғары болып тұрғанын айтты. Министрдің түсіндіруінше, бұған 2022 жылы Ресей экономикасында құлдырау болуы себеп.  

 Оларда логистика, тауарларын өткізу бойынша проблемалар болды. Олар сол кезде минусқа кетті. Дәл қазір, есімде жоқ, экономикалық көрсеткіші -2, одан да көп болды. Биыл логистика, тасымал жағы жақсара бастады, енді қалпына келе бастады. Өйткені олар экономикасын әртараптандырып жатыр. Қытаймен, Үндістанмен әріптестік орнатып жатыр. Бірақ былтырғы көрсеткішіне әлі жете алмай жатыр. Ал енді бізбен салыстыратын болсақ, бізде экономикалық құлдырау болған жоқ. Біз үнемі экономикалық өсімде келе жатырмыз. Осы көрсеткішті сақтап қалуымыз керек, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға