Жаңалықтар

Қазақстанның дәуірлеу кезеңі жүріп жатыр - Жандарбек Мәлібеков

Қазақстанның дәуірлеу кезеңі жүріп жатыр - Жандарбек Мәлібеков
Фото: enu.kz 19.03.2023 18:22 1005

Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтен саяси дода туралы көзқарасын сұрадық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Сайлау өте ынталы өтіп жатыр. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Біздің елімізде демократия бұрыннан бар. Ұлы даланың өз демократиясы бар. Қоғамның дамуына байланысты демократияның формасы өзгеріп тұрады. Бүгінгі сайлау - деморатияның көрінісі. Өйткені ынта бар, жігер бар, айтатын идея бар. Бірақ арасында құр сөзбен жүрген адамдар да бар. Бұл демократияның өсіп келе жатқанының дәлелі”,- деді ол.

Жандарбек Мәлібеков алдағы сайлаудан кейінгі кезең Қазақстан үшін өзгеріс кезеңі болатынын айтты.

“Еліміздегі саяси өзгерістерге сенемін. Сенбесем, бүгін сайлауға бармас едім. Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін. Қазақстанды осы идеяға толы, ынта-жігері мықты жастарға қалдырамыз. Қазіргі уақытты мен Қазақстанның дәуірлеу кезеңі деп айтар едім. Бізге керегі - сапалы білім, сапалы сана, сапалы өмір. Осы дүниелер жүзеге асады деп ойлаймын. Оған бәріміз үлес қосуымыз керек”,- деді Елтаңба авторы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға