Жаңалықтар

Қазақстанның бірқатар өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр

Қазақстанның бірқатар өңірінде қызылша ауруы өршіп тұр
Фото: ©El.kz/Мұхтар ХОЛДОРБЕКОВ 29.11.2023 16:00 700

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вакциналармен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. Ол Республика бойынша қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оған тиесілі 82 пайыздан астам балалардың 83 пайызы екпе алмаған. Бұл ретте балалардың 60 пайызы бас тартуға, қалған балалар егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцинация алмаған. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Соның ішінде Шымкент, Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында өршіп тұр, - деді Ажар Ғиният.

Министрдің сөзінше, сырқаттанушылықтың күрт өсуі биылғы жылдың қыркүйегінен бастап ұйымдасқан ұжымдарда, яғни оқу жылында балалардың жиналуына байланысты байқалады. Нәтижесінде сырқаттанушылықтың деңгейі екі есе өсті.

Қазіргі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек орны ашылды. Стационарлық емделуде екі мыңнан астам бала жатыр. Сондай-ақ жүкті әйелдер ауруханаға жатқызылуда. Төсекпен қамту 60 пайызды құраса, резервте бір мыңнан астам төсек орны сақталуда, - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға