Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды
Фото: © Pixabay.com 02.10.2023 14:29 728
Энергетика министрлігі ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылуға қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бүгінгі таңда жылу беру маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды, - делінген хабарламада.
 
ШҚО-ның Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і немесе 96%-і қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласында 90 әлеуметтік нысанның 26-сынемесе 28,8%-і, ал Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86-сынемесе 35,8%-і қосылған.
 
Қалған өңірлерде жылу беру маусымы қашан басталады:
 
3 қазанда – Алматы облысында;
 
10 қазанда – Ұлытау облысында;
 
15 қазанда – Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында;
 
20 қазанда – Шымкентте;
 
25 қазанда – Түркістан облысында.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға