egemen.kz

Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

16.06.2025 09:22 4911

Еркін Тұқымов ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың мәліметінде.

Бұған дейін Тұқымов ҚСЗИ басшысы лауазымынан босатылған еді.