Жаңалықтар

Қазақстанның әр өңірінен 250 педагог республикалық байқауға қатысты

Қазақстанның әр өңірінен 250 педагог республикалық байқауға қатысты
Фото: gov.kz 06.03.2023 15:33 696

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына Қазақстанның әр өңірінен 250 педагог қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрлікке сілтеме жасап.

Бес бағыт бойынша өткен конкурсқа директор, директор орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен әдіскер, музыка қызметкерлері, білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психолог, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты. Олар өз тәжірибесінде пайдаланатын ұшқыр идеяларды ұсынды.

«Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау»– дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаджембек Тұрсынов.

Қазылар алқасының шешімімен 95 педагог жеңімпаз атанды. Жүлдегерлер мен ерекше жетістіктері үшін тағы 56 педагог марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға