Жаңалықтар

Қазақстанның 8 жоғары оқу орны QS WUR пәндік рейтингіне енді

Қазақстанның 8 жоғары оқу орны QS WUR  пәндік рейтингіне енді
Фото: rsu.lv 23.03.2023 18:15 945

Еліміздегі 8 жоғары оқу орны 22 наурызда жарияланған QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рейтингке барлығы 161 елден 1595 университет, оның ішінде 8 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты. ЕҰУ «Қонақжайлылық және демалысты басқару», «Өнер және Дизайн», «Тарих», «Лингвистика», «Бизнес және Менеджмент», «Құқықтану», «Саясат және халықаралық зерттеулер»  пәндері бойынша Қазақстанда бірінші орын алады.

​Әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингтеріндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны сегізге дейін өсті: бұл үш жыл бұрынғыдан төрт есе көп. Жаңа пәндік рейтингтердің нәтижелері Қазақстанның қазіргі ғылыми күн тәртібіне ықпалын күшейту жоғары оқу орындарын рейтингтерде ілгерілету үшін негізгі мүмкіндік болып қалатынын көрсетеді, - деп атап өтті QS аймақтық директоры Сергей Христолюбов.
 
Тізімге Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, СДУ, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті енді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға