Жаңалықтар

Қазақстанның 21 университеті әлемдік рейтингке енді

Қазақстанның 21 университеті әлемдік рейтингке енді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 28.06.2023 14:55 846

QS World University Ranking әлемдегі ең үздік университеттердің мерейтойлық 20-шы рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның 9 қаласынан 21 жоғары оқу орны жаһандық рейтингке  еніп отыр. Іріктеуге әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 104 елден 1 499-ы үздіктер рейтингіне кірді, сондай-ақ Қазақстанның 21 жоғары білім ошақтары тізімген қосылған. Ал 2022 жылы бұл қатарда еліміздің 16 ЖОО енген еді.

Рейтингтегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны өткен жылдың сәйкес көрсеткішімен салыстырғанда бес есе (+31,25 %) және 2021 жылғы институционалдық рейтингтегі еліміздің университеттер санымен салыстырғанда екі есеге артқан. 

Рейтингтің географиясы да кеңейіп, енді оған Қазақстанның 9 қаласынан келген ЖОО-лар қатыса алады. Бұл қазақстандық жоғары білім үшін маңызды жетістік болып отыр. Өткен жылы рейтингте еліміздің алты қаласы ұсынылған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға