Жаңалықтар

Қазақстанның 20 өңірінде робототехника бойынша іріктеу чемпионаттары өтеді

Қазақстанның 20 өңірінде робототехника бойынша іріктеу чемпионаттары өтеді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 02.10.2023 15:42 575

USTEM Foundation қоғамдық қоры Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен робототехника бойынша өңірлік іріктеу чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық кезеңге өңірлік іріктеулерге қатысуға еліміздің барлық мектептерінің оқушылары мына санаттар бойынша шақырылады:

  • 1. FIRST LEGO League Explore (6-10 жас)
  • 2. FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас)
  • 3. FIRST Tech Challenge (12-18 жас)

Еске сала кетсек, өткен жылы жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Хьюстонда өткен әлемдік кезеңге 50-ге жуық қазақстандық оқушы барып, елге үш бірдей жүлде алып келген болатын.

FIRST in show чемпионатының жаңа маусымы өнер тақырыбына арналған және STEM арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Ұлттық чемпионатқа біз командаларды екі кезеңде іріктейтін боламыз: әлеуметтік желілер арқылы онлайн іріктеу және өңірлік іріктеу жарыстары өткізіледі.

Биыл Қазақстанның барлық 17 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік іріктеу жүргіземіз. Сондай-ақ ауыл мектептерінің оқушыларына ерекше назар аударғымыз келеді», - деді USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға