Жаңалықтар

Қазақстаннан үйренеріміз көп - халықаралық сарапшы

Қазақстаннан үйренеріміз көп - халықаралық сарапшы
Фото: El.kz 19.03.2023 15:51 784
Ұлыбритания Парламентінің мүшесі, Ұлыбритания Премьер-министрінің Моңғолиядағы сауда өкілі Даниэль Роберт Қазақстанның сайлауды демалыс күні өткізіп жатқаны сәтті шешім екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Заң үстемдігі, адам құқықтарын жоғары орынға қоятын мемлекетте болғаныма қуаныштымын. Сіздерден үйренеріміз көп. Кейбір өзімізге қажетті дүниелерді жазып алдым,- деді Даниэль Роберт.
 
Сондай-ақ сарапшы Педру Рок Оливейра Португал Парламентінің депутаты Қазақстандық сайлауды бақылау барысында демократияны көргенін айтты.
 
Біз оннан астам сайлау учаскелерінде болған. Сайлау учаскелері театрларда, кітапханаларда, мектептерде болды. Менімше, Қазақстандағы сайлау демократияны көрсетті. Заң үстемдігі анық байқалды. Мықты оппозицияның болуы - демократмяның нығайып жатқанын көрсетті. Шығыс мемлекеттері Қазақстаннан үлгі алуы керек,- деді Педру Рок Оливейра.
 
Жерорта теңізі парламенттік ассамблеясының Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Румыниядан келген Йонас-Флориан Уркан сайлауға қатысты пікір білдірді.
 
Ауа райы қолайсыз болса да халық белсенді түрде қатысып жатыр. Барлықтарыңызды осындай сәтті қадаммен құттықтаймын!, -деді Йонас-Флориан Уркан.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға