Жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Бакуде күміс жүлдегер атанды

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Бакуде күміс жүлдегер атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 28.03.2024 17:35 439

Бокстан Әзербайжанда өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов екінші орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бакудегі аламанның финалында 48 келідегі Жүсіпов жергілікті Хасан Маликовпен жұдырық түйістірді. Маликов – Әзербайжан чемпионы.

Нәтижесінде төрешілер басымдықты шаршы алаң иесіне берді. Теміртас күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов – 2021 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға