Жаңалықтар

Қазақстаннан шетелдіктер қанша баланы асырап алған – министрлік жауап берді

Қазақстаннан шетелдіктер қанша баланы асырап алған – министрлік жауап берді
Фото: © Pixabay.com 01.02.2024 12:55 581

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі  Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі екі түрге бөлінгенін хабарлады:

  • Қазақстан азаматтарының асырап алуы;
  • шетел азаматтарының асырап алуы.

Бала асырап алу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

1999-2011 жылдар аралығында шетел азаматтары 8 805 баланы асырап алса, 2013-2023 жылдар аралығында 158 бала асырауға берілген, - деп хабарлады министрлік.

Ведомство мәліметінше, 2013 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балаларды бақылау тек Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

Көбінесе қазақстандық балаларды Еуропа: Испания, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, сондай-ақ АҚШ, Канада және басқа елдердің азаматтары асырап алған, - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

Бүгінде 5217 асырап алынған қазақстандық кәмелет жасқа толғаны белгілі. Министрлікте қайтыс болған балалар туралы мәлімет жоқ.

Сондай-ақ, заңға сәйкес, баланы туыстары, елде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары асырап ала алмайтын жағдайда ғана шетелдіктер асырауына берілуі мүмкін екені айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға