Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат «М» Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.
2019 жылы «М» азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Қазақстаннан қашып кеткен алаяқ Украинада ұсталды
Оқи отырыңыз
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?