Жаңалықтар

Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті
Фото: gov.kz 30.12.2022 16:31 1601

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 22,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға жоғары, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2022 жылдың үш тоқсанының көрсеткіші бүкіл 2021 жылы тартылған инвестициялар көлемімен салыстыруға болады ($23,8 млрд).

Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар ағынының (+36,9%) ТШИ жалпы көлемінің 22,3% үлесімен $4,9 млрд деңгейіне дейін өсуі назар аударарлық. Ауыл шаруашылығында өсім 247% ($23,5 млн) құрады, құрылыста: 87,8% (684,3 млн), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% (3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% (938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд).

Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд) және Оңтүстік Корея ($1,1 млрд) кірді. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан ТШИ ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.

ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға