Жаңалықтар

Қазақстанға шетелден 7 мың тарихи құжат қайтарылды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті
Қазақстанға шетелден 7 мың тарихи құжат қайтарылды
Фото: gov.kz 20.01.2023 16:19 1163

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет, архив және баспа ісі салаларына арналған кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

"2022 жылы 7000 тарихи құжат шетелден Қазақстанға қайтарылды. Құнды жәдігерлерде еліміздің тарихы туралы ақпарат бар, олармен қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия сияқты Еуро одақ елдерінен әкелінді.Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде 18 археологиялық зерттеу жүргізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде 30 ескерткіш қалпына келтірілді", - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға