Жаңалықтар

Қазақстанға ресми сапармен Люксембург Сыртқы істер министрі келеді

Қазақстанға ресми сапармен Люксембург Сыртқы істер министрі келеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.06.2023 20:49 698

2023 жылғы 29 маусымда Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборн Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сапар барысында Министр Ж. Ассельборн ел басшылығымен, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, сондай-ақ экономика саласындағы министрліктердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Кездесулерде тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға