Жаңалықтар

Қазақстанға Прагадан 40 бас Пржевальский жылқысы әкелінбек

Қазақстанға Прагадан 40 бас Пржевальский жылқысы әкелінбек
Фото: gov.kz 26.08.2023 08:32 794

21-24 тамыз аралығында Чехия Республикасының Прага қаласында Пржевальский жылқысын Қазақстанға жерсіндіру жобасын жоспарлау бойынша халықаралық семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Семинарды Прага хайуанаттар бағы ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР мен Чехия Үкіметтері арасында қол қойылған Қазақстандағы жабайы жылқылар популяциясын жандандыру жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырды.

Іс-шараға Берлин, Нюрнберг және Будапешт хайуанаттар бағының, Франкфурт зоологиялық қоғамының, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының (АСБК), Хортобаг ұлттық паркінің (Венгрия) және үлкен Гобий қорығының (Моңғолия)өкілдері қатысты.  

Қазақстандық делегацияны Экология және табиғи ресурстар Бірінші вице-министрі Нұркен Шәрбиев басқарды.

Қатысушылар жылқылардың бірінші тобын 2024 жылы елімізге тасымалдаудың егжей-тегжейлі жоспарын талқылады.

Айта кету керек, жануарларды жеткізу мәселесін Прага зообағы мен Чехия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірлесіп қамтамасыз етпек.

Қазақстанға жылқыларды жерсіндіру үшін "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағы таңдалды. Жануарлар бейімделудің бірінші жылын Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығының реинтродукциялау орталығында өткізеді.

Барлығы Еуропадан Қазақстанға 40-қа жуық жануар әкелу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға