Жаңалықтар

Қазақстанға Нобель сыйлығының лауреаттары келе жатыр

25.09.2023 13:45 237

Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен жаһандық ғылымның жетекшілері, Нобель сыйлығының лауреаттары келе жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Олардың арасында Breakthrough Prize (ғылыми Оскар) сыйлығының лауреаттары, зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да прогресс жасаушылар бар.

Олар әлемдегі жасанды интеллекттен бастап климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа шекарасы мен адамзат болашағына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды талқылайды.

Нобель сыйлығының Peace Prize саласындағы лауреаты, № 1 климат және тұрақты даму жөніндегі сарапшы Рае Квон Чунг қатысады. Ол фестивальде «+ 1,5 градус. Біз әлемнің құлдырауын тоқтатып үлгереміз бе?» деген  тақырыпта сөз сөйлейді.

Әлемге әйгілі футурологтар, инновациялар бойынша ықпалды визионерлер тобына (Wired) кіретін Герд Леонгард, «Адамға қарсы технологиялар» бестселлерінің авторы, сонымен бірге SAP-тағы Future Hub басшысы Мартин Везовски біздің болашақтан не күтетінімізді және алдағы уақытта болуы мүмкін қауіп-қатерлерді талқылайды.

Силикон алқабының білгірі, жоғары технологиялар саласындағы ең ықпалды қырық ғалымның бірі (time Tech 40 бойынша) Вивек Вадхва үнемі өзгеріп тұратын ортадағы классикалық бизнестің ертеңі туралы пікірталасқа қатысады.

Сондай-ақ, фестиваль аясында ұстаздарың бірінші саммиті ұйымдастырылады, оған қатысу үшін Астанаға әлемнің үздік мұғалімдері жиналады. Олар өз тәжірибелерімен, балаларды ең тиімді және нәтижелі оқытудың әдістерімен бөліседі.

Ұстаздар саммиті - бұл мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп басшылығы үшін кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.

Саммит қонақтарын шеберлік сабақтары, тренингтер, басқа да интерактивті және қызықты форматтағы іс-шаралар күтеді. "Global Teacher Prize" сыйлығының лауреаттары бірқатар ашық сабақтар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады. 

Хэдлайнерлер арасында әлемдік педагогика жұлдыздары - білім беру саласындағы жаңашыл ұстаз және 2021 жылғы Global Teacher сыйлығының жеңімпазы Кейшия Торп, Innovative Researcher of the Year сыйлығының иегері Ранжит Дисале, Израильдегі Вейцман институтының жаратылыстану ғылымдарын оқыту департаментінің басшысы, профессор Авраам Аркави, "Білім беру бағдарламаларындағы халықаралық көшбасшылар" (ILEP) бағдарламасының қатысушысы Эванс Одей сияқты басқа да көрнекті оқытушылар болады.

Фестиваль барысында сондай-ақ Бүкіл университеттік ғылым және технология көрмесін (VNTV) өткізу, студенттер мен Қазақстанның ғылыми қоғамдастық өкілдеріне Нобель сыйлығының лауреаттарынан ашық дәрістерін өткізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға