Жаңалықтар

Қазақстанға келуге ниетті туристер саны артып келеді

Қазақстанға келуге ниетті туристер саны артып келеді
Фото: El.kz 13.05.2023 16:21 675

Қазақстанға қызыққан туристер қатарының артқаны байқалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Aviasales.kz зерттеуі бойынша өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 пайызға артып отыр.

Былтыр Орталық Азия елдері мен Ресей саяхатшылары көш бастаса, биыл Түркия, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінен ұшып келгендердің қарасы қалың. Шетелдіктер Алматыны жиі таңдайды. Олар көркем табиғатты көріп, тауда серуендеу үшін келеді», – деп жазылған хабарламада.

«Хабар 24» мәліметі бойынша, Алматыдан кейін Астана, Ақтау, Шымкент қалалары тұр. Сонымен қатар ішкі туризмге деген қызығушылық та 6 пайызға артқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға