Жаңалықтар

Қазақстанға келетін туристер саны көбейді

Қазақстанға келетін туристер саны көбейді
Фото: gov.kz 12.05.2023 10:05 1279

2023 жылы Қазақстанға келетін туристер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 11%-ға көбейді. Шетелдік туристердің Қазақстан табиғатын тамашалауға қызығушылығы артқан.

Өткен жылы Орталық Азияның көршілес елдері мен Ресей әуе билеттерін сатып алатын жетекші бағыттар қатарында болса, биыл Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінің арасында Қазақстанға сапар бағыттарына сұраныс айтарлықтай артып отыр.

Қазақстанға ең көп бағыт алған елдердің тізімі:

  • Ресей
  • Түркия
  • Тайланд
  • Өзбекстан
  • БАӘ
  • Грузия

Біз жазға қарай шетелден Қазақстанға саяхатқа сұраныстың айтарлықтай арта бастайтынын көріп отырмыз. Былтырмен салыстырғанда сұраныстың өскеніне қуаныштымын. Шетелдіктер келетін негізгі қала – Алматы. Көбінесе адамдар біздің елге көркем табиғат пен тауда серуендеуге келеді, - дейді Aviasales.kz басшысы Юлия Исакина.

Биыл ең танымал бағыттар: Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент.

Ішкі туризмге деген қызығушылық та 6%-ға артқан. Қазақстандықтар  көбінесе ел ішінде саяхаттау үшін Алматы (35%) мен Астана қалаларын (30%) таңдайды. Одан кейінгі тізімде Шымкент (8%), Ақтау (5%), Ақтөбе (4%), Атырау (4%) қалалары бар. 2023 жылы ішкі бағыттарға ең арзан билет құны Астана – Павлодар бағытында 10 мың теңгеден басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға