Жаңалықтар

Қазақстанға Еуро-2024 додасына шығатын тағы бір мүмкіндік бар

Қазақстанға Еуро-2024 додасына шығатын тағы бір мүмкіндік бар
Фото: instagram.com/kff_team 21.11.2023 10:00 679

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу мүмкіндіктен айырылды. Дегенмен, енді соңғы мүмкіндік бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Былтырғы жылы Ұлттар лигасында С дивизионда өз тобымызда бірінші орын алғанбыз. Соның арқасында қалған үш жолдаманың біреуі бұйыруы мүмкін. Ол үшін 2024 жылдың 21 наурызында Афиныда Грекия құрамасымен кездесеміз. Сосын ол ойында жеңіске жетіп жатса, 26 наурызда Грузия мен Люксембург арасындағы жеңімпазбен жолығамыз. Ойынның қайда өтетіні жеребе  арқылы анықталады.

Қазақстан үйдегі ойынын Астанада өткізе алмайды. Өйткені «Астана-Арена» стадионда жақында жөндеу жұмыстарына жабылады. Сондықтан Алматыда ойнайды.

Айта кетейік, кеше түнде Қазақстанда Люблянада Словения құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Ұлттық құрама сапынан жалғыз голды Рамазан Оразов салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға