Жаңалықтар

Қазақстанға АЭС салу қаншалықты тиімді?

Қазақстанға АЭС салу қаншалықты тиімді?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.09.2023 12:06 678

Елде су тапшылығы шешілмей отыр. Осындай жағдайда АЭС салғанымыз қаншалықты дұрыс? Бұл сауалға Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында АЭС құрылысына байланысты Үлкен ауылында өткен тыңдаулардан кейін ауыл тұрғындары түпкілікті қарсы шешім қабалдады деген бұрмаланған ақпарат тарап жатыр.  Үлкен аулының тұрғындарының пікірін біз құрметтейміз және ескереміз. Ауыл тұрғындары станцияның құрылысына жер таңдау барысында өз келісімдерін беріп отыр. Яғни, біз әлі атом электр стансасын салу туралы айтып отырған жоқпыз. Халықаралық талаптарға, соның ішінде халықаралық агенттікке қатысты, қазақстандық заңнамаға қатысты рәсімдері бар. Рәсімдердің тұтас кешені әлі де қарастырылады, демек станция құрылысы туралы процедуралар енді ғана басталып жатыр, - деді Сәтқалиев.

Министрдің сөзінше, АЭС-тің құрылысы әлі де шешіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға