Жаңалықтар

Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында айтты
Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады
Фото: visit-uralsk.kz 02.11.2022 13:49 1515

Қазақстанға 78 елдің азаматтары визасыз кіре алады. Биыл Андорра, Иран, Қытай үшін визасыз режим енгізілді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында айтты.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артты.

«Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінгі таңда барлық шектеу алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 78 елге визасыз режим қайтарылды. Қазіргі уақытта 28 мемлекетке қатынайтын 112 халықаралық рейс іске қосылды. Биыл Андорра, Иран, Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілді», - деді Ержан Еркінбаев.

Сонымен қатар, ол соңғы 3 жылда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 118 жобаға 170 млрд доллар бөлінгенін тілге тиек етті.

«Аталған жобалар аясында 643 шақырым жол, 291 шақырым су құбыры және 321 шақырым кәріз және 108 шақырым электр желісі салынды. Қазіргі кезде туризм саласына Үкімет тарапынан жылдан жылға көбірек мән беріліп келеді. Мақсат - оны экономиканың табысты саласына айналдыру»,- деді вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға