Жаңалықтар

Қазақстанға 3 миллионға жуық Ресей азаматы келді

Қазақстанға 3 миллионға жуық Ресей азаматы келді
Фото: © РИА Новости 11.09.2023 15:16 1349

2022 жылы Қазақстанға 2,9 миллионға жуық ресейлік азамат келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы уақытта келушілердің саны 1,2 миллионға жеткен.

2023 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша мұнда 35 мыңға жуық ресейлік азамат ресми түрде жұмысқа орналасқан.

РИА Новости мәліметінше, ресейліктер негізінен өнеркәсіп өндірісінің басшылары мен менеджерлері, консалтинг, қаржы, сақтандыру нарықтары, IT секторы, логистика саласындағы мамандықтарда жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазақстанға Ресейден көшіп келушілер көбейгенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға