Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жалақысы азық-түліктен артылмайды – депутат

Қазақстандықтардың жалақысы азық-түліктен артылмайды – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 02.06.2023 14:14 593

Бұл туралы «Amanat» фракциясының отырысында Мәжіліс депутаты Мәди Тәткиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтардың табысы төмен болғандықтан және инфляцияның салдарынан шығыстарының 50 пайызын тек азық-түлікке жұмсайды. Бұл азаматтардың ақша жинауын былай қойып, басқа қажеттіліктеріне ақшасы жетпейді деген сөз. Өңірлік теңсіздік әлі де байқалады, - деді депутат.

Депутат халықтың жартысы қаражат жетіспеушілігіне тап болып отырғанына тоқталды.

Тұрақты жұмыс істейтін азаматтарды айтар болсақ, олардың саны екі миллионнан асады. Оның 64 пайызы жұмыс істейтін кедейлер қатарына жатады. Демек олардың жалақысы 100 мыңға да жетпейді, - деді ол.

Мәжілісте Ұлттық экономика министрлігінің «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы» талқыланды.

Бұған дейін ҰЭМ еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болғанын хабарлаған. 

Ал депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, қазақстандықтардың 35 пайызы 70 мың мен 150 мың аралығында жалақы алады. Яғни әрбір жұмыс істейтін он адамның төртеуі ең төменгі жалақыға жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға