Жаңалықтар

Қазақстандықтардың қанша пайызы Қытай азаматтығын алған? Вице-министр жауап берді

Қазақстандықтардың қанша пайызы Қытай азаматтығын алған? Вице-министр жауап берді
Фото: gov.kz 05.10.2023 13:25 518

Бұл сауалға ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат отырысынан кейінгі кулуарда журналистер вице-министрден «қазақстандықтардың қанша пайызы екі елдің (Қазақстан мен Қытай – ред.) азаматтығын алған және олардың арасында шенеуніктер бар ма?» деп сұрады.

Бізде мұндай ақпарат жоқ. Қазір екі елдің арасындағы механизм бойынша біз Қытайға азаматқа қатысты сұрақ бойынша өтініш жолдай аламыз. Бұл жерде, ең бастысы, ол азаматтың рұқсаты болуы керек. Ол рұқсат бермесе, біз ақпарат ала алмаймыз. Әрине, азаматтардың көбісі қарсылық танытуы мүмкін. Негізгі бағыттарымыздың бірі – екі елдің азаматтығына қатысты сенімді ақпарат алу. Бүінгі таңда екі елдің жеңілдіктерін бірдей пайдаланатын екі елдің азаматтығы бар адамдардың категориясы бар. Бұл жерде ол азамат екі елдің бірінің ғана азаматтығын таңдауы керек. Есесіне Қазақстанда да, Қытайда да екі елдің азаматтығын бірдей алып жүруге болмайтыны туралы заң бар, - деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік Сенат Қазақстан мен Қытай азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы заңды қабылдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға