Маусым айындағы зерттеу ел дамуына қатысты бағалардың тұрақты екенін көрсетіп отыр. Бұл – таңдалған бағытқа қатысты қоғамда консенсус сақталып отырғанын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты болып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі (79,4%) ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.
Саяси жағдай да негізінен оң бағаланады: респонденттердің 76,2%-ы қазіргі жағдайға қанағаттанатындарын білдірген.
Қоғам тарапынан берілген жоғары оң бағалар көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.
Аталған социологиялық зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2025 жылы 18 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді. Іріктеменің қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?