Жаңалықтар

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?
Фото: © Pixabay.com 03.12.2023 09:15 3312

Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Алайда бұл демалыс күндері баршаға бірдей емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нақтырақ айтар болсақ, биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне тура түсіп тұр. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке сенбі не жексенбіге келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, ал алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсан айының соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31-іне сәйкес келеді. 2024 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай 1,2 қаңтар күндері демалыс күні болып белгіленген. Демек аптасына бес жұмыс күн істейтін қазақстандықтар 30,31 желтоқсан мен 1,2 қаңтар, яғни, қатарынан төрт күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады.

Еске салсақ, бұған дейін 1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күні тойланатын. Алайда былтырдан бастап бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға