Жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін шетелдік әуекомпаниялардың билеттері арзандауы мүмкін

Қазақстандықтар үшін шетелдік әуекомпаниялардың билеттері арзандауы мүмкін
Фото: © Pixabay.com 02.12.2023 13:45 823

Көлік министрлігі «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, министрлікпен «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа шетелдік әуекомпанияларына 5-дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды.

Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуебилеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр.

Айта кетерлігі, «Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға