2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтіндер үшін 5 күн демалыс, 26 жұмыс күні қарастырылған.
Биыл тамыз айында мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалыс болмайды. Себебі жаңа Конституцияға сәйкес Конституция күні 15 наурызға ауыстырылып, 30 тамыз мемлекеттік мерекелер тізімінен алынды. Сондықтан жаздың соңғы айында ұзартылған демалыс күндері қарастырылмаған.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс күндері
Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер келесі күндері демалады:
- 1–2 тамыз;
- 8–9 тамыз;
- 15–16 тамыз;
- 22–23 тамыз;
- 29–30 тамыз.
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс күндері
Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері:
- 2 тамыз;
- 9 тамыз;
- 16 тамыз;
- 23 тамыз;
- 30 тамыз.
Тамыздағы кәсіби және атаулы күндер
Тамыз айында елімізде бірқатар кәсіби және атаулы күндер атап өтіледі:
- 2 тамыз – Теміржол көлігі қызметкерлері күні;
- 9 тамыз – Құрылысшылар күні;
- 10 тамыз – Абай күні;
- 16 тамыз – Спорт күні;
- 18 тамыз – Шекарашылар күні;
- 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
- 30 тамыз – Кеншілер күні.
Бұл күндер кәсіби және тарихи маңызы бар атаулы күндер болғанымен, ресми мереке әрі демалыс күні болып саналмайды. Бұған дейін қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтіп, бұл күн мемлекеттік мереке ретінде демалатын. Алайда биыл наурыз айында өткен республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданып, Конституция күні 15 наурызға ауыстырылды. Осыған байланысты 30 тамыз мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып, бұл күнге берілетін қосымша демалыс күші жойылды.