Жаңалықтар

Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын алды

Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын алды
Фото: Olympic.kz 07.06.2023 17:30 460

Таиландтың Районг қаласында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан командасы турнирде алғашқы медальге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мәліметінше, спортшыларымыз алтын жеңіп алды. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (микст) бірінші болып келді. Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина қорғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға