Жаңалықтар

Қазақстандықтар шекарадан қандай тауарларды заңсыз алып өтпек болған?

Қазақстандықтар шекарадан қандай тауарларды заңсыз алып өтпек болған?
Фото: ҰҚК 01.11.2023 16:43 608

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде 5 290 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік шекара арқылы 994 соның ішінде:

70 – есірткі заттарын;
28 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (9 дана ату қаруы, 296 дана оқ-дәрілер, 12 дана суық қару);
27– діни әдебиет (342 дана);
323 жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (34 800 литр);
453 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
93 – жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 74 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
жалпы ұзындығы 186 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
5 дана жүзу құралдары; 698 дана (5 429 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
2 575 дана (5 107 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
3 700 дана (700 кг) шаян тәрізділер тәркіленді.

Залал сомасы 1,9 млрд теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді,  - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға