Жаңалықтар

Қазақстандықтар қызметкерлердің дөрекі мінез-құлқы мен біліксіздігіне көп шағымданады

Қазақстандықтар қызметкерлердің дөрекі мінез-құлқы мен біліксіздігіне көп шағымданады
Фото: t.me/KZgovernment 19.06.2023 16:39 483

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тұтынушылардың шағымдары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің дерегінше, елімізде азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді:

- медициналық қызмет – 39,3% (медицина персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен біліксіздігі, үлкен кезектер, көрсетілген медициналық қызметтердің  сапасыздығы);

- байланыс қызметі (интернет-провайдер)33,3% (абоненттік төлемнің заңсыз қымбаттауы, интернет қызметінің сапасыз көрсетілуі, тарифтік жоспардың құнының ұлғаюы мен өзгеруі);

- қоғамдық көлік қызмет – 30,7% (көлікпен тасымалдау ережелерін бұзу, персоналдың дөрекілігі, қолма-қол ақшалай және ақшасыз есептесу);

- қоғамдық тамақтану – 24,4% (персоналының дөрекі мінез-құлықтары мен қызметтердің  сапасыздығы, сапасыз тамақ, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға