Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады
Фото: AI көмегімен жасалды

2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтарға мерекеге байланысты қосымша демалыс берілмейді. Бес күндік жұмыс аптасында сенбі мен жексенбі, ал алты күндік жұмыс аптасында жексенбі ғана демалыс болады.

Қыркүйекте қанша күн демаламыз?

Қыркүйекте мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан мерекеге байланысты қосымша демалыс қарастырылмаған.

Бес күндік жұмыс аптасында 22 жұмыс күні, 8 демалыс күні бар.

Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні, 4 демалыс күні болады.

Қыркүйектегі демалыс күндері

Бес күндік жұмыс аптасында:

  • 5–6 қыркүйек;
  • 12–13 қыркүйек;
  • 19–20 қыркүйек;
  • 26–27 қыркүйек.

Алты күндік жұмыс аптасында жексенбі күндері ғана демалыс:

  • 6 қыркүйек;
  • 13 қыркүйек;
  • 20 қыркүйек;
  • 27 қыркүйек.

Қыркүйекте қандай атаулы күндер бар?

Қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке мен атаулы күн бар. Биыл олардың қатарына тағы бір күн қосылды.

Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысына сәйкес, бұдан былай жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтеді. Жаңа атаулы күн ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, қазақтың дәстүрлі ит тұқымдарын сақтап, насихаттауға арналған. Дегенмен бұл күн демалыс болып есептелмейді.

Қыркүйектегі өзге атаулы және кәсіби мерекелер:

  • 1 қыркүйек – Білім күні;
  • 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Сондай-ақ қыркүйектің алғашқы сенбісінде Аңшылық шаруашылығы қызметкері күні аталып өтеді;
  • 6 қыркүйек – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің бірінші жексенбісінде аталып өтеді;
  • 13 қыркүйек – Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлері күні. Ол қыркүйектің екінші жексенбісіне белгіленген;
  • 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні;
  • 27 қыркүйек – Машина жасаушы күні. Бұл мереке қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді;
  • 28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлері күні;
  • 30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні.

Сонымен қатар қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні, ал соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтеді. Еңбек күні – түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға арналған мереке.

Қыркүйектегі халықаралық күндер

БҰҰ күнтізбесінде қыркүйекке бірнеше халықаралық атаулы күн белгіленген:

  • 5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күні;
  • 8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күні;
  • 15 қыркүйек – Халықаралық демократия күні;
  • 16 қыркүйек – Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні;
  • 20 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні;
  • 21 қыркүйек – Халықаралық бейбітшілік күні;
  • 23 қыркүйек – Халықаралық ымдау тілдері күні;
  • 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні;
  • 28 қыркүйек – Дүниежүзілік теңіз күні.

Сонымен, қыркүйекте мерекеге байланысты қосымша демалыс жоқ. Бес күндік жұмыс аптасындағылар ай бойы сегіз күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар төрт күн демалады. Биылғы қыркүйек күнтізбесіндегі жаңалықтың бірі – 3 қыркүйекте алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күнінің аталып өтуі болып отыр.

Оқи отырыңыз