Жаңалықтар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады
Фото: El.kz/Арман Мухатов 01.10.2023 23:54 607

Қазан айында 10 күн демалыс бар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Осы айда қазақстандықтар үшін 9 әдеттегі демалыс күндері және бір мереке күн бар.

Биыл қазанның алғашқы күні жексенбіге түсті. Сондай-ақ бүгін, 1 қазанда бірнеше мереке аталып өтуде. Бұл – 1 қазан - Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Сонымен қатар алда Ұстаздар күні мерекесі келе жатыр. Биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті.

Дегенмен 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген болатын.

Сонымен қазанда қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Яғни бұл айда күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға